Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауы
        
«Төртінші өнеркәсіп революция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыпта Елбасы жолдауы өрбіді. Елбасы кезекті жолдауында Қазақстанның өткендегі жетістіктері мен жетер  жетістігімізді тілге тиек етті. Бұл Жолдау жаңа әлемге яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне  бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады. Біз озық мемлекет болу үшін мынадай міндеттерді шешуге ұмтылуымыз керек деді ел президенті. Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшыларына айналуы тиіс. 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге  кірісу қажеттігін  айтты.  Екінші. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.2030жылға қарай Қазақстандағы баламалы  энергия үлесін  30пайызға жеткізуміндетін  қойды.  Үшінші. «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. 5 жыл ішінде  агроөнеркәсіп  кешеніндегі еңбек өнімділігін  және өңделген ауыл шаруашылығы  өнімінің экспортын, тиісінше, кем  дегенде 2,5 есеге  арттыруды талап  етті. Төртінші. Көлік-логистика инфроқұрылымының тиімділігін арттыру. Ішкі өңірлік қатынастарды  жақсарту үшін автожолодардың  жергілікті  желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек  деді. Бесінші. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». 2016 жылдың  1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырды.  Жетінші.  Адами  капитал-жаңғыру   негізі. 2019жылдың  1 қыркүйегіне  қарай мектепке дейін білім беру ісінде балалардың ерте дамуы  үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын  дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет екенін айтты.  Сегізінші. Тиімді мемлекетті басқару. Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және  заңның үстемдігі. Оныншы. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.  Міне,  алдымызда  тұрған он міндет осы және осы міндет  орындалуы тиіс екенін  аңғартты. Сонымен  қатар Елбасы  біз тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің  арқасында экономикамызды, саясатымызды жаңғыртуға кіріскенімізді,  технологиялық және  инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін  берілгенін, ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастағанымызды,  жаңа  заманға  сай болу үшін Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек екенін  айтты.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жайықова Меруерт Нарынқызы
ҚММ « Глубоке негізгі мектебі»

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь