Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының халыққа жолдауы
Қазақстан тек қана өркендеп,дамып ештеңеден қалыс қалмауы тиіс. Елбасы өзінің Жолдауында « Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауында соған басымдық беріп отыр. Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алуда екені бәрімізге айқын.  Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Әрбір Жолдаудың  маңыздылығы адами капиталды дамытуға жағдай жасауында. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдып отыр. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  Жолдау  10 міндеттен тұрады.Негізінде қолға алынып жатқан мәселелер
  • 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыру тапсырылды.
  • жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажеттілігі
  • халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға тиістілігі
  • білім берудің жаңа сапасы
  • білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектілігі
  • латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндігі. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттілігі.
  • «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажеттілігі
  • қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиістлігі
  • денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етілуде
  • бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажеттілігі
  • жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиістілігі.
Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды.
Еліміз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірісіп жатыр. Біз жаңа заманға сай болу үшін еліміздің өрлеу бастауында тұрған біртұтас бірлескен  ел  болуымыз керек! Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатына жету барысында барлығы уақытымен жасалуы тиіс. Қазақстан болашағы жарқын.
ҚММ « Глубокое негізгі мектебі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Динбаева Мадина Тоқтамысқызы

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь