Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер мерекесіне орай апталыққа арналған жоспар құрылды. Апталық қыркүйектің 18-22 қыркүйек аралығында өткізілді. Апталыққа орай төмендегідей іс-шаралар өз уақытымен өткізіліп отырды. «Өнер алды – қызыл тіл» атты тақырыпта ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жайықова М.Н және Динбаева М.Т өткізді. 19 қыркүйек күні «Тек қана қазақша сөйлейміз!» атты біркүндік қазақша сөйлеу күні жарияланды. Келесі кезекте «Язык – вековой труд целого поколения» атты орыс тілінен 5-9 сыныптар аралығында байқау өтті. Бұл іс-шараға жауапты орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гусельникова С.А. болды. Сонымен қатар «English is fan for everyone!» атты тақырыпта интеллектуалды сайыс өтті. Бұл сайысқа жауапты ағылшын пәні мұғалімі Сизоненко А. А. 19-22 қыркүйек аралығында «Сөздік әлемі» атты сөздік қорды байыту мақсатында қабырға-газет біркүндігі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 20 қыркүйек күні 1-4 сыныптар аралығында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайысты Фраш Анастасия, Төлеш Мирас, Кочнев Иван, Болат Мақсат атты оқушылар үздік көрінді. Осы ретте 5-9 сыныптар аралығында ағылшын тілінің үздіктерін анықтау мақсатында «We know everything» атты байқау өтті. Аптаның төртінші күні орыс тілі пәнінен «Мой язык, родной язык» атты шығарма жазу сайысы өз мәресіне жеткен болатын. Бұл сайыста Майорова Анастасия мен Сладких Нина үздік болып танылды. Аптаның бесінші яғни қыркүйектің 22-ші жұлдызында 5-9 сыныптар аралығында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс өтті. Бұл сайыста оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен өз білімдерін ортаға салды. Үш тілді жақсы меңгерген оқушылар көзге бірден түсіп, алға суырылып шықты. Олар: 5-сынып оқушысы Байқадам Мадияр, 9-сынып оқушысы Лаврова Екатерина және Расщепкин Александр, Кочнева Елена. Оқушылар арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүргізілді. Апталықтың жабылуына арналған концерт ұйымдастырылды. Оған мектептегі барлық сынып оқушылары ат салысты. 9 сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын билерін билеп, үш тілде өлеңдер оқыды. Тіл апталығының қорытындысы шығарылып, оқушылар сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.


Посмотреть новость на сайте учреждения