Жадыраған жаздың қызыққа толы күндері өтіп, алғашқы қоңырау – Білім күні де келіп жетті. Жылдағы әдетпен, Водопроводное негізгі мектебі бұл күнге толық даярлықпен келіп жетті. Оқу жылы аяқталысымен әр сынып өз кабинеттерін сылап, сырлап келесі оқу жылына дайындап, өздері де жақсы дем алды. Биылғы оқу жылы мектебімізде 46 оқушы, оның 7-еуі мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер. Жазғы демалыста 6 оқушы «Достық» лагерінде, 7 оқушы «Серебряный бор» лагерьлерінде жақсы дем алса, 9 мұғалім, 6 оқушы Астана қаласына ЭКСПО 2017-ні қызықтап қайтты. Осы оқу жылында мектебіміз 4 мультимедиялық тақтамен толықтырылды. Әрине, ол да үлкен қуаныш. Мектебімізге М.Жұмабаев атындағы колледжді тамамдаған 2 бастауыш сынып мамандары келді.
Посмотреть новость на сайте учреждения